Шымкенттегі «Airservis» ЖШС-іне 12 млн теңге айыппұл салынды

10:27, 22 қаңтар 2021

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Airservis" ЖШС-ны "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, "Airservis" ЖШС-ы уәкілетті органға оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінбеді, сондай-ақ осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынбаған.

Нәтижесінде, субъектіге Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жалпы соммасы 12 423 320 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!