Шымкентте жұмысшы мен жұмыс беруші жанжалдасып, ақыры қанды оқиғамен аяқталды
Шымкентте жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындаған жанжал салдарының нәтижесі пышақ жарақатымен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының “102” сымтетігіне қаладағы май ауыстыру бекеттердің бірінің маңында белгісіз адамның дене жарақатын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жанжал туындағаны анықталған. Кикілжің біреуі құрылыс аппаратын қайтаруын, ал екіншісі жұмыс ақысын талап етуден басталған. Қос тарап арасындағы жанжал барысында жұмыс берушімен бірге кездесуге келген 1997 жылы туған досы пышақ жарақатын алып, алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚКнің 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді.
Полиция қызметкерлері күдікті азаматты ұстап, қамады. Ол - 1997 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны. Оқиға орнынан анықталған пышақ іс материалдарына айғақты зат ретінде тіркеліп, қамауға алынған күдікті өз кінәсін мойындады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:43, 23 сәуір 2024
Алматыда полицей мен мопедистің соқтығысып қалуы бейнежазбаға түсіп қалған
-
15:28, 23 сәуір 2024
Көктемнің басынан бері 212 алматылықты кене шақты
-
14:58, 23 сәуір 2024
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады
-
14:34, 23 сәуір 2024
Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйлер қандай жабдықтармен қамтылмақ
-
14:04, 23 сәуір 2024
Су басқан саяжайлар үшін қандай қолдау шаралары қарастырылған