Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

17:27, 30 маусым 2022
110

© Сурет: unsplash

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!