Шымкентте жол апаты орын алып, бір адам көз жұмды

09:57, 23 қыркүйек 2021
195

© Сурет: zakon.kz

22 қыркүйекте, күндізгі сағат үштер шамасында Шымкентте жол апаты орын алып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz Otyrar.kz -ке сілтеме жасап.

Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында Opel Vectra мен Volkswagen Vento көліктері соқтығысты.

Екі көлік те қатты соққыдан жол шетіне ұшып кетті. Оқиға салдарынан Opel көлігіндегі жолаушылардың бірі, 40-45 жас шамасындағы ер адам жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасына тап болған екінші көліктегі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Жаяу жүргіншілер зардап шеккен жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!