Шымкентте жанар-жағармай құю бекеті тоналды

17:42, 4 желтоқсан 2022

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысындағы жанар-жағармай құю бекетінің кассасы тоналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетін тұмшалаған адам қолындағы пышағымен және кастетімен жанар-жағармай құю бекетінің кассирін қорқытып, ондағы ақшаны тартып алып кеткен. Ер адам такси ұстап, оқиға орнынан ізін суытқан. Қолға алынған жедел шаралар барысында күдікті ұсталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.⠀

Жанар-жағармай құю станциясын тонады деген күдікті Шымкент қалалық ПД Қаратал ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары қолға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!