Шымкентте заңсыз жүрген шетелдік азаматтар қамалып жатыр
Оңтүстіктегі ірі шаһардың аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және оның жолын кесу, уақытша және тұрақты түрде тұрып жатқан шетелдік азаматтарды есепке алуды қамтамасыз ету, сонмен қатар Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 16-20 қаңтар күндері аралығында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы zakon.kz Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бір тәулік ішінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасының 32 бұзушылығын анықтаған, оның ішінде 27 шетелдік азамат пен 5 қазақстандық бар.
Құқық бұзған 15 адамға ескерту жасалып, 8 әкімшілік айыппұл салынды. Сонадай-ақ, 9 шетелдік азамат әкімшілік қамауға алынды және сот шешімі бойынша өзге мемлекеттерден келген 2 азамат елден шығарылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдау-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 22 адам қамауға алынды.
Шетелдік азаматтарды тұрғын үймен заңсыз қамтамасыз еткен 4 азамат және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабын бұзған басқа мемлекеттің 1 азаматы анықталды.
Сондай-ақ, өзге мемлекет азаматының ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігін бұзғаны белгілі болды. "МИГРАНТ" жедел профилактикалық іс-шарасы әлі де жалғасуда.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 23 сәуір 2024
Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін бе
-
13:03, 23 сәуір 2024
1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама басталады
-
12:29, 23 сәуір 2024
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың үйлерін қашан қалпына келтіріп беретіндігін айтты
-
12:02, 23 сәуір 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне су тасқыны кезеңнінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді
-
12:00, 23 сәуір 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 23 сәуірдегі валюта бағамы