Шымкентте заңсыз ісі үшін ақы алып жатқан жерінен ұйымдасқан қылмыс өкілдері ұсталды

10:24, 28 қыркүйек 2020

Шымкентте 600 миллион теңгеден астам жалған шот-фактура тіркеп бергені үшін ақы алып жатқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Шымкент қаласы аумағында алдын-ала сөз байласу бойынша бір топ адамның жасалмаған жұмысты жасады, орындалмаған қызметті орынлалды, жөнелтілмеген тауарды жөнелтті деп көрсетіп, шот-фактура жасаумен айналысатындығы анықталды. 40 миллион теңге көлемінде ақы алып жатқан кезінде, яғни жалпы соманың 6,5 пайызы - 615 миллион теңгенің жалған шот-фактурсын беріп жатқанда 4 адам ұсталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің ҚФМ.

Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы, 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тапты. Олар шартты түрде 3 жылға сотталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!