Шымкентте вокзалда жасөспірім қызды ток соғып, қатты күйіп қалды

11:14, 22 шілде 2021
277

© Сурет: otyrar.kz

Оқыс оқиға Шымкентте 21 шілдеде сағат 23.00 шамасында астынан пойыз өтетін көпір өткелінде орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Анарова көшесінің бойында теміржол вокзалының жанында орналасқан.

Көпірдің үстінде темір тор тартылған. Онда жоғарыда - жоғары вольтты сымдар бар. Куәгерлердің айтуынша, 15-16 жастағы қыз өткел көпірдің үстіндегі темір торға шыға бастаған. Бір сәтте жасөспірімді ток соғады, деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, олар жарақат алған жасөспірімді темір тордан алып шықты. Қыздың денесі мен киімдері қатты күйіп қалды. Оның тамырына бірден дәрі тамызғыш қойылды, содан зардап шегушіні зембілге салып, көпірден жедел жәрдем көлігіне дейін өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қаумалап көтеріп, жеткізді. Бүкіл денесін қатты күйік шалған қыз ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жасөспірімнің туыстары да болды, олар онымен бірге ауруханаға жетті.

Не үшін қыз темір торға шықты, ол арада жалғыз өзі болды ма, сол түнде нақты не болғанын тәртіп сақшылары анықтайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!