Шымкентте үш жасар бала кір жуатын машинаға қысылып қалды

14:53, 17 қыркүйек 2019

Шымкентте үш жасар бала кір жуатын машинада қысылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Баланың кір жуатын машинаға неге кіріп алғаны белгісіз.

Кір сығатын барабанға баланың аяғы қысылып қалған. Әке-шешесі қанша талпынғанымен баланы ол арадан шығара алмаған. Сондықтан төтенше қызметке қоңырау шалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше қызметтің қызметкерлері арнайы қайшымен кір машинаның темірін қиып, жыртқан, содан соң ғана баланың аяғын босата алған.

Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ата-анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!