Шымкентте төрт айлық бала шеге жұтып қойған

14:41, 8 қазан 2019
49

Шымкенттік дәрігерлер шеге жұтып қойған 4 айлық баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланың ата-анасы бастапқыда дәрігерлерге баласының аяқ-қолы қақсайды деп шағымданған. Ортопедия мамандары нәрестені айнаға түсіріп, оның асқазан-ішек жолдарында темір заттың тұрып қалғанын анықтап, ота жасады. Нәресте өмірі үшін бұл өте қауіпті болған, өйткені шеге асқазан-ішек жолдарын тесіп шығуы мүмкін еді.

Операция кезінде электронды-оптикалық рентген аппараттарымен лапароскопиялық әдісті қолданған хирургтар бөтен заттың қай жерде тұрғанын дәл анықтап, оны асқазаннан шығарып алды. Отадан кейін баланың жағдайы жақсарып, ол бір аптадан соң ауруханадан босап, үйіне шықты.

Операцияны қалалық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері Сұлтанғали Сарыбай, Амантаев Жақсылық, Құрманалиев Асанбай жүргізді.

Сәбидің ата-анасының айтуынша, бала шегемен ойнап отырып, абайсызда біреуін жұтып қойған. Әке-шешесі мұны байқамаған, тек медициналық тексеру кезінде баланың асқазанында бөгде зат бар екендігі анықталды. Қазір 4 айлық баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.


Источник: zakon.kz


Пікір