Шымкентте төбелеске оқушылар пышақ, шолақ мылтық, тапанша алып барған

12:06, 10 қыркүйек 2019

Шымкенттегі мектеп оқушыларының жаппай төбелесінің мән-жайын қалалық полиция бөліміндегілер айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қыркүйекте шамамен сағат 13.50-де полицияға Солтүстік ықшамауданында жастардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен патруль сақшылары бір топ оқушыны ұстады.

- Төбелес кезінде 16 жастағы жасөспірім жарақат алды. Атыс фактісі расталған жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. "Қылмыс жасады" деген күдікпен екі кәмелетке толмаған оқушы уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар 17 бала полиция бөліміне жеткізілді. Олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдіктілерден пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленіп алынды, - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төбелес қос тараптың дүрдараздығынан туындағаны анықталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!