Шымкентте тапсырыспен кәсіпкерді өлтірген күдікті ұсталды

11:35, 9 қыркүйек 2019

Шымкент қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 7 қыркүйекте жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде биыл 19 шілдеде үйінің жанында кәсіпкерді атып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түрінде сот санкциясы жарияланды.

- Тергеу кезінде бұл қылмысты марқұмның серіктесі жасағандығы анықталды. Ол фирмадағы ортақ ақшаның қомақты бөлігін жаратып қойып, жауапкершіліктен осылай құтылмақ болған. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші биыл 25 шілдеде ұсталып, ол өзінің кінәсін толықтай мойындады. Қазір ол қамауда, - дейді істің мән-жайын жеткізген полиция департаментіндегілер.

Бұл істі тергеу әлі жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!