Шымкентте оқушылар бұрышты баллоннан уланып қалған

09:17, 17 қазан 2018

Шымкентте мектеп оқушылары бұрышты баллон иісінен уланып қалды. Келеңсіз жағдай қаладағы №47 орта мектепте орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД-нің мәліметінше, колледж оқушысы өзі оқыған мектептің оқушыларымен жанжалдасып қалған. Сөйтіп оларға қарай бұрышты баллон сепкені анықталды.

«16 қазанда «103» жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде бұрышты баллон шашқаны туралы хабар келіп түскен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293 «бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Куәгерлер болса, жанжал мектептің асханасында болғанын айтады. Осы мектепті бітірген колледж студенті бір оқушыға қарата бұрышты баллонды сепкен. Сол кезде иістен бірнеше оқушы уланып қалған. Олардың бірқатары токсикологиялық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!