Шымкентте нанның бағасы қымбаттады

15:25, 20 қыркүйек 2018

Шымкентте базарлар мен дүкендерде бұрындары 50 теңгеге сатылып келген ас атасы енді 60 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды Хабар 24.

Нан бағасының бұлайша шарықтауын жауапты қауымдастық басшысы бидай ұнының көтерілуімен түсіндіреді. Мәселен 3100 теңге тұратын бірінші сұрыптағы ұн қазір 700 теңгеге қымбаттаған екен. Ал нанның өзіндік құны 54 теңге. Наубайханадан дүкенге дейінгі тасымалды қоса есептегенде баға 55 теңгені құрайды. Нан бағасының күрт қымбаттауынан жергілікті билік те хабардар көрінеді. Себебі сатушыларға жергілікті қала әкімдігі нан бағасын 60 теңгеден асырмай сатуға нұсқау беріпті.

- Ең бірінші жаңағы ұнның қатты қымбаттап кетуіне байланысты. Одан басқа да нан пісіруге қажетті ашытқы дейміз, тұз, өсімдік майы электр энергиясы газ және сулардың қымбаттауына байланысты. Сондай-ақ тасымалдауға кететін бензинде қымбаттап отыр, - дейді «Нан қауымдастығы» ҚБ төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!