Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті

15:35, 9 қаңтар 2019
688

Шымкенттің полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қаңтарда жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызын зорлап кетті деп арызданған.

Белгілі болғандай, Шымкентке қарасты ауылдардың бірінде мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен.

Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Зорланды деген оқушы қыздың әке-шешесі баланың қазіргі жағдайы мен оқиғаға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.

Қылмыстық іс қалалық полиция департаменті мен прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін Шымкентте ерлі-зайыпты балабақшалардың бірінде 3 жасар қызының зорланғанын мәлімдеген еді.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, Шымкентте 2018 жылы бала зорлау қылмысының саны 43-ке жеткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!