Шымкентте қалың тұман салдарынан әуе рейстері кейінге шегерілді

16:30, 16 қаңтар 2017

Шымкент қаласындағы әуежайда 200-ден аса жолаушы тәулік бойы діттеген жеріне жете алмады.

Мәселен, «SCAT» әуе компаниясының Шымкент-Астана және Астана-Шымкент арасында қатынайтын рейстері тұман салдарынан уақытын ауыстырды. 

«Ал түс ауа күн райы өзгеріп, сапар шегушілер бет алған бағыттары бойынша жөнелтілді», – дейді компанияның баспасөз қызметінің өкілі.

Виктория Старожилова, әуе компаниясының бұқарамен байланыс жөніндегі бөлім жетекшісі  

-«Астана-Шымкент» және «Шымкент-Астана» екі әуе рейсі ауыстырылды. «Астана-Шымкент» рейсімен 86 адам ұшып кетті. Яғни бұл 86 адам рейсттерін күтті, бірақ біздің тарапымыздан оларға ұшақ уақытының ауысатын туралы ескертілген болатын. Ал «Шымкент-Астана» бағыты бойынша 141 адамды бүгін сағат күндізгі үштерде ұшырдық. Осы жағдайлардың барлығы ауа райының қолайсыздығынан орын алғандығын айтқым келеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!