Шымкентте екі жасар бүлдіршін газдан уланып қайтыс болды
Шымкентте екі жасар бүлдіршін газдан уланып қайтыс болды. Тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық газ шаруашылығы мамандарының мәліметінше, қайғылы жағдай шаһардың іргесіндегі Сайрам тұрғын алабында болған. Алдын ала болжамдар бойынша үшеуі де газдың иісінен уланған.
«Таңғы сағат 6:23-те Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне Атай көшесі, 64 үйде 2015 жылы туған бүлдіршіннің газдан уланып көз жұмғаны туралы хабар түскен. Тағы 2009 және 2013 жылы туған балалар ауыр халде, олар да уланып қалған» делінген газ шаруашылығы қызметі таратқан ресми хабарламада.
Қазіргі таңда мамандар қайғылы оқиғаның себеп салдарын анықтауда.
Әзірге белгілісі Сайрам тұрғын алабына «Женис-Т» ЖШС-і қызмет көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:31, 24 сәуір 2024
Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көп келеді
-
15:07, 24 сәуір 2024
БҚО-да су тасқынынан келтірілген залалды өтеу жұмыстары басталды
-
14:54, 24 сәуір 2024
Түркістан облысында кәмелетке толмаған бала құрдасына жыныстық сипатағы зорлық көрсеткені үшін тұтқындалды
-
14:39, 24 сәуір 2024
Көк-төбедегі телемұнараға найзағай түсті
-
14:39, 24 сәуір 2024
Алматыдағы Көк-төбедегі телемұнараға найзағай түсті