Шымкентте баланы тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті

16:34, 6 тамыз 2022
331

© Сурет: Zakon.kzМаксим Золотухин

Оқыс оқиға 6 тамызда орын алды. Бұл жайсыз жайт туралы хабарлама "103" шұғыл байланыс желісіне сағат 9:25-те келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоғыз жасар бала көпқабатты үйдің жертөлесінде ойнап жүрген. Анасының айтуынша, бала электрмен жабдықтау қондырғысының қақпағын ашып, ток соғып, есінен танып қалған.

Балаға "бас терісінің күйігі, 3 дәрежелі электр жарақаты, жағдайы ауыр" деген диагноз қойылды. Қазір бала қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Шымкент қаласы ТЖД-ның Қоғаммен байланыс тобы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!