Шымкентте атып кеткен кәсіпкерге қатысты тың дерек шықты

17:38, 23 шілде 2019
337

Шымкентте тапа-түсте ауқатты кәсіпкерді қаскөйлер көшенің қақ ортасында атып кетті. Бастапқыда бұл іске қатысты мәліметтер құпия екені айтылған. Дегенмен бұл оқиғаның кейбір деректері жариялана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz-ге сілтеме жасап.

Қанды оқиға 19 шілдеде Шымкент қаласындағы Арай көшесінде орын алған. Сенімді дереккөз мәліметіне сүйенсек, кәсіпкер өз ауласынан Лексус көлігімен шығып, жолда жүріп бара жатқанда, оны тоқтатқан коммунальдық қызмет қызметкерлері киетін сары күртешедегі белгісіз біреулер оқ жаудырған.

Қатты жараланып, ауруханаға түскен кәсіпкер кейіннен көз жұмады. Қылмыс орнында тергеу тобы болып, бұл істі қолға алған. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі тұрғысында жария етілмеуде.

"Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті тұрғынды өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу істерімен шұғылдануда. Қазір қаскөйлерді ұстау операциясы жүріп жатыр", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова.

Сенімді дереккөздің мәліметінше, кәсіпкер жоғары табысты кәсіппен айналысқан. Ол арнайы техникаларды жалға беріп, табыс табады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!