Шымкентке жаңа әкім тағайындалды

11:14, 21 қаңтар 2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын, делінеді жарлық мәтінінде.

Ол бұл қызметте Ерлан Айтахановтың орнын басты.

Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында дүниеге келді.

2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын бітірді. (Ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы).

Еңбек жолы:

- ҚР Қорғаныс министрлігі Арнайы байланыс бөлімінің ауысымдық аға инженері-бастығы, Астана қаласы (2004-2006);

- ҚР Президент істері басқармасының "Астана - Өнім" АҚ шаруа қожалығының жетекшісі, (2006-2008);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің ведомстволық ұйымдарын басқару бөлімінің өндірістік қызметін үйлестіру секторының сарапшысы (2008-2010 жж.);

- ҚР Президенті әкімшілігінің Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2010-2012 жж.);

- ҚР Президенті әкімшілігінің Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (2012-2013 жж.);

- ҚР Президенті әкімшілігінің Кеңсе меңгерушісі (07.2013-01.2017);

- ҚР Президенті әкімшісінің орынбасары (01.01.2012 - 2019);

- Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары (12.2019 ж. бастап).


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!