Шымкент полициясы «алтын дүрбелеңіне» қатысты түсініктеме берді

13:56, 14 сәуір 2021
588

© Сурет: видеодан алынды

Шымкент қалалық полициясы Көкбұлақ ауылынан алтын шығарылып жатқаны туралы хабарламаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауылдан алтын кенінің табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазба авторының айтуынша, бағалы металды жүк көліктері тиеп, әкетіп жатыр және адамдарды бұл маңға жолатпауда.

Әлеуметтік желілерде таратылған видеода полиция қызметкерлері елді-мекендердің бірінде жолда жүк тиелген көліктердің өтуін қамтамасыз етуге тырысады.

Қалалық полиция бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін жеткізді.

Әлеуметтік желіде Бадам станциясына баратын жолда орналасқан Көкбұлақ ауылында алтын кеніші табылып, одан кен қазылып, тиеліп әкетіліп жатқаны туралы хабарлама тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ, жарияланған жазба тиісті шараларды қабылдау үшін жауапты бөлім қызметкерлеріне қарастыруға беріледі, деп атап өтті полициядағылар.

Сонымен қатар, полиция Қазақстан Республикасының заңнамасында қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!