Шымкент мұнай өңдеу зауыты - екі ұлттық оператордың сәтті серіктестігінің үлгісі

13:00, 9 желтоқсан 2019

Шымкент мұнай өңдеу зауыты – екі ұлттық оператор – "ҚазМұнайГаз" бен CNPC компанияларының табысты серіктестігінің үлгісі.

Тең басқаруда өзара тиімді ынтымақтастықтың көрсеткіші алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап іске асыру болып табылады. Бұған дәлел "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС мен бас мердігер болып табылатын "СРЕСС" - Қытай мұнай инженерлік-құрылыс компаниясының атқарған Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау ауқымды жобасының аяқталуын атауға болады.

Жобаның мақсаттары Шымкент мұнай өңдеу зауыты шығаратын отын сапасын К-4, К-5 стандарттарына дейін жоғарылату, зауыттың жобалық қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ Қазақстан нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мөлдір мұнай өнімдерінің өндірісін арттыру болып табылады. Жоба экологиялық жағына қатты әсер етті. Зауыттың тазалау құрылғыларын жаңғырту жұмыстары аяқталды.

"Жабық" орындалған және "жер үсті" типті жабдықтарды пайдалану атмосфералық ауаға және топырақ қабатына эмиссиялардың (зиянды заттардың) тасталуын болдырмайды және жылына 1,5 млн. м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Атмосфераға шығарылатын көмірсутектер мен басқа да ластағыш заттардың шығарындыларын 90%-ға дейін азайтуға, ал қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің шығарындыларын 21%-ға дейін азайтуға қол жеткізілді деп компанияның ресми сайты хабарлайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!