Шымкент әкімінің 4 орынбасары да емделіп жатыр. Екеуінен пневмония анықталды

15:35, 30 маусым 2020

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Айтеновтің бес орынбасарының төртеуі ауырып қалуына байланысты демалыс алған. Олардың екеуінен пневмония анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен әкім орынбасары Алмасбек Мамытбеков пневмониямен ауырып, ауруханада жатыр.

Әкімнің тағы екі орынбасары Нұрсадық Ергешбек пен Мақсұт Исахов та ауырып қалуына байланысты демалыс алған. Бірақ олардың қандай ауру түрімен ауырып жатқаны әзірге нақтыланбаған.

Олардың барлығы ауруына байланысты демалысқа кеткеніне бір аптаға жуық уақыт болғаны хабарланды.

- 10-ны күні бізге бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртанов келді. Оған коронавирус диагнозы қойылды, сондықтан әкім онлайн режимінде жұмыс істеді. Ешкіммен тікелей байланысқа шыққан жоқ, барлық кездесулері онлайн режимінде өтті. Оның соңғы тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктегілер.

Бір уақытта ауруына байланысты төрт орынбасар демалысқа жіберілгендіктен, Әйтеновтің бесінші орынбасары - Бауыржан Мамыталиев қазір әкімдікте жұмыс істеп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!