Шығыста кене боррелиозы қайта өршіді

10:59, 21 маусым 2018

Шығыста кене боррелиозы қайта өршіді. Мамыр айында аталмыш ауруды жұқтырған бес адам тіркелсе, қазір ол есепке тағы біреу қосылған, деп хабарлайды altaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, кене энцефалитімен ауырғандар да бар екен. Айнабұлақ (Зайсан ауданы), Карагужиха, Сметанино (Глубокое ауданы), Өрел (Катонқарағай ауданы) сынды бірнеше ауыл мен Риддер қаласында жеті науқас тіркелген. Кішісі – 13, үлкені 63 жаста. Жоғарыда «бар екен» деп айтып қалдық қой, оның себебі санитарлық дәрігерлердің 20 мамыр күнгі таратқан мәліметінде бұл ауруды жұқтырған адам мүлде жоқ болатын.

-12 маусымнан бері қарай қайтадан пайда бола бастады, дейді дәрігерлер.

Эпидемиялық маусым кезінде облыс бойынша 2402 адамды кене шаққандығы анықталыпты. Оның 884-і – Өскемен, 442-сі – Риддер, 275-і – Зырян, 228-і – Глубокое, 146-сы – Шемонаиха және 39-ы Ұлан ауданының тұрғындары.

– Дер кезінде дәрігерге жүгінген 2297 адам иммуноглобулин қабылдады. Дәріханаларда мұндай ауруларға қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті, – дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!