Шығыс шекарасында қырғыз азаматынан тиым салынған кітап табылды

14:17, 9 қаңтар 2019

ШҚО аумағында шекара бақылауын жүзеге асыру кезінде 28 жастағы қырғыз азаматынан діни сипаттағы тиым салынған кітап табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға Семей жеріндегі «Ауыл авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде болды.

– Жолаушылардың бірінің сөмкесінен қырғыз тіліндегі діни сипаттағы кітап табылды. Ол – Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған әдебиеттер тізімінде бар, — деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Қырғызстан азаматының Қазақстан арқылы өз еліне Ресейден келе жатқаны анықталды.

Ал кітап Бородулиха ауданының Ішкі істер бөліміне тапсырылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!