Шығыс Қазақстанда «Защита» және «Лениногорск» теміржол вокзалдарының аты өзгереді

17:03, 15 наурыз 2018

Теміржол вокзалдарының аты өзгеріп қана қоймай, екі жаңа теміржол бағыты пайда болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұдан былай «Защита» станциясы «Өскемен-1», ал «Лениногорск» станциясы «Риддер» деп аталады. Атауларын өзгерту туралы шешім мәслихатта қабылданған.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-1 – Жалаңашкөл және Семей – Жалаңашкөл жаңа теміржол бағыттары пайда болуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!