Шығыс Қазақстанда пеш жақпақ болған 8 жасар бала күйіп қалды

12:31, 19 қараша 2019

Шығыс Қазақстан облысында от жақпақ болған баланың қолы мен беті күйіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қалбатау ауылында ауруханаға беті-қолының 18 процентін күйік шалған 2011 жылғы бала келіп түсті. Зардап шеккен бала отты тез жағу үшін пешке бензин шашқанда, от лап етіп, кері қайтып, баланың беті-қолын күйдірген, деп хабарлайды төтеншеліктер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!