Шығыс Қазақстанда қарттар үйі өртеніп, үлкен кісілер далада қалды

ШҚО-ның аудандарының бірінде қарттар үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Өрт Алтай ауданына қарасты Парыгино ауылындағы "Лад" коммерциялық емес қайырымдылық мекемесінің ғимаратында болды. Жалын әуел баста моншада тұтанып, кейін жанындағы пансионаттың ғимаратына ауысқан. Пансионат қызметкері моншадағы түтінді байқап қалып, өрт сөндіру қызметін шақыртады.
Өрт сөндірушілер пансионат қызметкерлерімен бірге 18 зейнеткерді қауіпсіз жерге көшірген. Өрттің жалпы аумағы 302 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ.
Алайда пансионатқа өте үлкен шығын келген екен. Қазіргі уақытта пансионатта тұрып жатқан қарттар далада қалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:12, 20 қаңтар 2021
Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
-
14:50, 20 қаңтар 2021
Ақпанның 5-іне дейін ҰБТ-ны 120 мың адам тапсырады
-
14:48, 20 қаңтар 2021
Атырауда жарықтың қайта-қайта өшуіне Арал тұзының «кінәсі» болуы мүмкін
-
14:46, 20 қаңтар 2021
Алаяққа сенген ақтөбелік 1,2 млн теңгенің кредитін арқалады
-
14:37, 20 қаңтар 2021
Ақыры Өзбекстан құрлы жоқпыз. Депутат ең төменгі жалақы көлемін сынға алды
Пікір