Шығыс Қазақстанда ер адамды қарақұрт шағып алды

15:49, 23 шілде 2018

Жәндік базардан сатып алған жеміс-жидекпен бірге келді деген болжам бар. Оқиға Семей қаласында орын алып отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бас кезде жәндіктің шаққанына аса мән бермеген ер адамның жай-күйі біраз уақыттан кейін нашарлай бастаған. Ол бүйрек орталығына барып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Қазіргі уақытта жағдайы жақсарған, арнайы ем қабылдып, ауруханадан да шығып қойыпты.

Мұндай жағдайлар біздің аймақта сирек кезігеді. Ары кетсе, жылына 1-2 жағдай ғана тіркеледі екен. Көбінесе еліміздің оңтүстік өңірінде жиі орын алатыны белгілі. Дегенмен, жеміс-жидектің, бақша дақылдарының саталымға шығу маусымында сақтық танытқан артық болмас.

Қосымша анықтама

Қарақұрт – улы қара өрмекшi. Денесі шағын, түсi қара, арқа тұсынан қызыл дақтарды көруге болады. Ұрғашы қарақұрт еркегiне қарағанда улы болып келедi, тіпті түйе мен жылқыны да өлтіріп жібереді деседі.

Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, шаққан жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп жібереді.

Дәрiгерлердiң айтуынша, қарақұрт шағып алса, ауруды басатын дәрi және көп мөлшерде су iшу керек. Сонда ғана ағзадағы у табиғи жолмен шығады. Шаққан жердi спиртпен сүртiп, залалсыздандырған дұрыс және мiндеттi түрде дәрігерге қаралу қажет.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!