Швеция мен Финляндия Түркия талабын орындамайынша НАТО-ға ене алмайды – Анкара

23:54, 25 мамыр 2022

© Сурет: pixabay

Түркия президентінің бас кеңесшісі Ибрагим Калын Анкара, Стокгольм және Хельсинки арасындағы Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты келіссөздердің қорытындылары бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ол Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру процесі Түркияның талаптары орындалмайынша іске қосылмайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Шенеуніктің айтуынша, альянсқа мүшелікке үміткерлер Анкараның ұстанымына түсіністікпен қарады. Түркия олардың өкілдерін елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы мен оның қызметі туралы хабардар ете отырып, өз елдерінен терроризмге күдіктілерді экстрадициялауды, сондай-ақ түрік территориясына қорғаныс өнеркәсібі өнімдері тасымалына байланысты шектеулерді алып тастауды талап етті.

Анкарадағы консультациялар жабық есік жағдайында өтті және шамамен ол бес сағатқа созылды.

Айта кетсек, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Финляндия мен Швеция Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына қолдау көрсетіп жатқанын айтқан болатын. Анкара Финляндия мен Швециядан терроризмді қолдауды доғару жөнінде жазбаша келісімге отыруды талап етті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!