Шуда полицейлерге шабуыл жасағандар бас бостандығынан айырылды

© Сурет: Zakon.kz
Биыл 7 мамырында Жамбыл облысы Шу қаласындағы вокзал алаңында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерлерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, сегіз тәртіп бұзушы 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейін бас бостандығынан айырылды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 7 мамыр күні сағат 01.30 шамасында полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал алаңында мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы полицейлерге қарсылық көрсетіп, оларға шабуыл жасаған.
Сондай-ақ олар қызметтік қаруды иемденбек болып, полицейлерге дене жарақатын салған. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 29 қаңтар 2023
Новак Джокович AusOpen-2023 чемпионы және әлемнің бірінші ракеткасы болды
-
16:45, 29 қаңтар 2023
Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккендердің жағдайы қалай
-
16:45, 29 қаңтар 2023
Ақтқөбедегі демалыс базасында зардап шеккендердің жағдайы қалай
-
16:03, 29 қаңтар 2023
Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
-
15:24, 29 қаңтар 2023
Қырғызстан билігі премьер-министрдің жеке басына тиіспеуді ескертті