«Шұбаркөл көмір» делдал компаниялармен ауыз жаласқан деген күдікке ілінді

16:40, 11 желтоқсан 2019
901

"Шұбаркөл Көмір" АҚ, көмірді көтерме бағамен сатушылар мен биржа брокерлеріне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетіне сілтеме жасап.

- Монополияға қарсы орган "Астана" универсальды тауар биржасына» қойылған көмірді "Шұбаркөл Көмір" АҚ мен көмірді көтерме бағамен сатушылар (Алматы, Қарағанды ​​және Жамбыл облыстары) теңдей бөліп, сатып алу туралы алдын ала өзара сөз байласты деген күдікпен тергеу жүргізді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ көтерме бағамен тауар өткізуші брокерлерге (10 компания) қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, монополияға қарсы орган брокерлік компаниялармен бірге көмірді көтерме бағамен өткізетін "Богатырь Көмір" ЖШС-ға қатысты тергеуді бастады.

"Монополияға қарсы орган "Еуразиялық Сауда Брокері" ЖШС брокерлік компаниясына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша және "Богатырь Көмір" ЖШС-ның тұрмыстық қалдыққа арналған көмірін алты делдал компанияның алдын ала сөз байласып, бөліп алу күдігі бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген комитет хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!