Шпекбаев жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің жалақысы туралы айтып берді

14:07, 16 наурыз 2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің жалақысы жаңа еңбек төлемі жүйесі бойынша, қаншалықты өзгергені туралы Алик Шпекбаев айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Алик Шпекбаев қолданысқа енгізілген жаңа еңбек төлемі жүйесінің – факторлық-балдық межесі мен бонустары туралы айтып берді.

"Факторлы-баллдық меже енгізілгеннен кейін шенеуніктердің жалақысы екі есеге өсті. Мысалы Әділет министрлігіндегі салалық басқарма жетекшісі 560 доллардың орнынан қазір 1300 алады. Аймақ пен орталықтардағы қызметкерлер жалақысы 70% дан 10% дейін сәйкестендірілді. Бұл пилоттық жобаның алағашқы нәтижелері ғана. Осылайша біз Агенттік ішінде штаттық бірліктерді оңтайландырып, 30% қысқарту жүргіздік. Бұл қызметкерлер төлемақысын 60%-ға көтеруге мүмкіндік берді. Екі рет бюджеттің есебінен және 60% оңтайландыру есебінен", - деді Шпекбаев.

Ол сондай-ақ, Ресейде мемлекеттік қызметкерлерге жалақы 4%-ға, Әзербайжанда 10%-ға дейін өскенін айтты.

"Жалақы қомақты түрде көтерілсе, мемлекеттік аппарат құрамындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері өткен шақты қалады", - деді Шпекбаев.

Агенттік басшысы осы жүйе арқасында, Агенттіктің қатардағы қызметкерлерінің жалақысы мемлекеттік органның департамент директорларының жалақысымен теңелгенін айтты.

"Арнайы есептеулер нәтижесінде, біздің сарапшылар қазір 850 доллар, бас сарапшылар - 1150 доллар, бас кеңесшілер – 1250, басқарма жетекшілері 1350 доллардан аса алады. Бұл жалақы мөлшері Еуропалық Одақ елдерінің деңгейіне жетіп отыр. Литвада орташа жалақы 860 доллар, Латвияда – 1100 доллар", - деді Алик Шпекбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!