ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады

11:42, 2 сәуір 2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы аясында 2020 жылға арналған макрокөрсеткіштердің болжамын нақтылау және Мемлекет басшысының кепілдендірілген трансфертті түзету жөніндегі Жарлығының жобасы туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, болжамды нақтылаудың негізгі факторлары – тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, байқалып отырған жаһандық рецессия және коронавирусты таратпау бойынша қорғау шаралары аясында іскерлік белсенділіктің баяулауы.

"Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылды", — деді Р. Дәленов.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 30 наурыздан 1 қазанға дейінгі кезеңге 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға биылғы 1 қазанға дейін босату қарастырылған.

"Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі салаларын, ірі сауда объектілерін, сауда ойын-сауық орталықтарын, кинозалдар, театрларды, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, көлік қызметтерін, консультациялық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, тамақ өнімдерін өткізу мен дәріханаларды қоспағанда сауда субъектілерін қамтиды", - деді Руслан Дәленов.

Салықтық әкімшілендіру бөлігінде 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және әлеуметтік жарналарды (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қызметкер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандыру) төлеуді кейінге қалдыру енгізілді.

Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды. Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!