ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылайын деп тұр

15:13, 4 желтоқсан 2020
319

20 қарашада сағат шамамен 21.00-де Өскемен қаласындағы Теміржолшылар көшесінің бойында ППБ қызметкерлері Опытное поле ауылының 33 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған азамат көлік құралын басқару құқығынан 5 жылға айырылған бола тұра, алкогольдік масаң күйде "21213" маркалы көлік құралын басқарған, құқық бұзушы аталмыш көлікті қала шетіндегі үйлердің ауласынан айдап әкеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі - Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы және ҚР ҚК-нің 200-бабы - Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

- Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады деді,- ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыр жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғастырылуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!