ШҚО прокуратурасы есірткі қылмыстарына қарсы күресте жаңа әдістерді енгізуде
© Фото: pexels
ШҚО заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында есірткіге тәуелділікпен күрес және есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі қаралды.
Отырыс облыс әкімдігінің алаңында өтті, оған аймақ басшысы Ермек Көшербаев қатысты.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы – облыс прокуроры Алмат Байшолақов заңсыз есірткі тарату мемлекет қауіпсіздігі мен қазақстандықтардың денсаулығына қатер төндіретін маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.
Осы жылдың соңғы 10 айында облыста 261 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде 120 (46%) есірткі сату фактілері. 166 адам қылмыстық жауаптылыққатартылды, оның 36 – есірткі сатқаны үшін. Заңсыз айналымнан 380 кг астам есірткі, оның ішінде 132 кг синтетикалық түрлері тәркіленді.
Синтетикалық есірткі өндіретін 2 нарколаборатория және каннабис өсіретін 1 фитолаборатория жойылды.
Құқық қорғау және арнайы органдардың белгілі бір жұмыстары аталып өтілгенімен, облыс прокуроры қоғамды есірткіге қарсы күреске белсенді түрде тарту, халық арасында, әсіресе оқушылар мен жастар арасында "есірткіге қарсы мәдениетті" қалыптастыру, сондай-ақ синтетикалық есірткімен күресте жаңа әдістерді енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Осы мақсатта облыстың мектептері мен жоғары оқу орындарында есірткінің зияны туралы тақырыптық сабақтар өткізу ұсынылды. Сабақ барысында облыс прокуратурасының бастамасымен түсірілген "Еркіндік иллюзиясы" атты деректі фильм көрсетіледі, онда жеңіл ақшаға құмар болған жастардың өмірінен алынған нақты оқиғалар баяндалады.
Синтетикалық есірткінің облыс аумағында бақылаусыз және еркін таралуына қарсы іс-қимылдың жаңа механизмі ретінде облыс прокуратурасы әкімдік және полиция департаментімен бірлесіп "STOP есірткі!" пилоттық жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Бұл жоба бойынша азаматтарға есірткі, әсіресе синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымы туралы расталған мәліметтерді хабарлағаны үшін ақшалай сыйақы беріледі.
Облыс әкімі ұсыныстар мен бастамаларды қолдап, отырыс барысында әкімдер мен мемлекеттік органдардың жауапты басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша тараптар өз ниеттерін өзара ынтымақтастық туралымеморандум арқылы бекітті. Жоба жақын арада жүзеге асырыла бастайды, бұл туралы облыс тұрғындары қосымша хабарланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 11 желтоқсан 2024
«Дарын» жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:30, 11 желтоқсан 2024
«Көктайғақ, тұман, боран». Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:58, 11 желтоқсан 2024
«Жазғы доңғалақпен жүрген». Алматыда ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті
-
21:44, 11 желтоқсан 2024
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған