ШҚО-ның Алтай қаласындағы екі мектепте карантин жарияланды

17:10, 24 қаңтар 2020
614

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты екі мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Оқушылар арасында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсуіне орай № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланды" деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.

Бұған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша, карантин жариялау туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, карантин әзірге қаңтар айының аяғына дейін жалғасады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!