ШҚО мектептерінің 60 пайызы жаңа оқу жылын онлайн режимде бастайды

22:49, 11 тамыз 2020

Шығыс Қазақстан облысындағы 312 мектепте оқыту қашықтықтан ұйымдастырылады. Бұл туралы тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

2020-2021 оқу жылында 109,6 мың оқушы немесе 58 пайызы компьютер алдында сабақтарын бастайды. ШҚО әкімінің айтуынша, ата-аналардың өтінініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Топта 15 адам болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады.

Осы форматтағы оқыту жүйесіне сәйкес шамамен 5 319 топ ашылып, 55,6 мың оқушы білім алады.

Ағымдағы жылы қашықтықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында бірыңғай балалар сағаты мен бірыңғай ата-аналар дәрісі ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы шаралардың қашан өтетіні туралы өосымша ақпарат беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!