ШҚО мектептерінде заң бұзушылықтар анықталды

16:23, 15 қаңтар 2021
367

ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде облыс мектептерінде 2020 жылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары туралы айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Онлайн баспасөз конференциясында ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ботагөз Райымбекова айтып өткендей, мектептерге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу белгілі бір талаптарға сәйкессіздіктің пайда болу себептерін уақтылы анықтауға және алдын алуға бағытталған.

Жыл сайын ҚР БҒМ бұйрығымен әрбір жартыжылдыққа профилактикалық бақылау жүргізу үшін білім беру ұйымдарының тізімі бекітіледі. 2020 жылы Шығыс Қазақстанда профилактикалық бақылауды қажет ететін ұйымдар тізіміне 21 мектеп кірді. Іс жүзінде бақылау 19 оқу орнында жүргізілді, қалған екі іс-шара карантинге байланысты іске асырылмады. Осылайша, 16 мектепте бұзушылықтар анықталды.

Ботагөз Райымбекованың айтуынша, жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі шағын орталықтар, балабақшалар, мектепалды даярлық сыныптары жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлігінде кемшіліктердің бар екенін көрсетті.

Мұндай нәтижелер Жарма ауданының Жаңғызтөбе орта мектеп–балабақшасында, Риддердегі "Шаңырақ" көпсалалы мектеп-гимназиясында, Семей қаласының №23 жалпы орта білім беретін мектебінде, Семей қаласының №12 жалпы орта білім беретін мектебінде, Өскемен қаласының №29 қосымша білім беру мектеп-орталығында, Бородулиха ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінде көрсетілді.

Ботагөз Райымбекова анықталған бұзушылықтар туралы айтып берді.

– 2019-2020 және 2020-2021 оқу жылдарына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің атаулары ұйымдастырылған оқу қызметі кестесіндегі пәндердің атауларына сәйкес келмейді, кестелер бекітілмеген, мектепалды даярлық сыныптарындағы сынып журналдары жүргізілмеген.

Бұдан басқа, 2019-2020 оқу жылындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу қызметіндегі мектептердің бірінде баланың жасына сәйкес балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдар жоқ. Мектепке дейінгі тәрбиешілердің лауазымдық нұсқаулықтары дұрыс әзірленбеген, ал педагогикалық кеңестерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері қарастырылмаған. Мектепке дейінгі кабинеттерде материалдық база әлсіз болды.

Білім беру ұйымдарының өздері мектепке дейінгі білімі бар дипломды педагогтармен толық қамтамасыз етілмеген, өйткені олардың көпшілігінде "бастауыш сынып мұғалімі" дипломы бойынша мамандығы бар.

– Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үйде оқытудың арнайы жоспарларының болмауы, 5-8, 10-сыныптардың білім алушыларына аралық аттестаттау жүргізілгенін растайтын материалдардың болмауы анықталды. Бастауыш сыныптарда стандартқа сәйкес пәндер бойынша кіші топтарға бөлінбейді, кейбір жұмыс жоспарлары мен сабақ кестелері оқушылардың апталық оқу жүктемесіне сәйкес келмейді. Жекелеген педагогтар медициналық қарсы көрсетілімдері мен соттылығының жоқтығы туралы растайтын құжаттарсыз жұмыс істейді, – деді Ботагөз Райымбекова.

Жалпы, профилактикалық бақылау аясында 16 мектепте 58 бұзушылық анықталды, оның ішінде 20 – өрескел, 29 – елеулі және 9-елеусіз. Барлық білім беру ұйымдарына бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген ұйғарымдар берілді.

Сонымен қатар, өткен жылы Департамент ұйғарымдар бойынша 22 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша ұйғарымды орындамау бойынша бір әкімшілік іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!