ШҚО-дағы коронавирус жұқтырған екі науқастың жағдайы туралы толық мәлімет жарияланды

13:48, 28 наурыз 2020

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан онлайн-брифингте COVID-19 індеті бойынша аймақтағы ахуалды сипаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Семейде коронавирус дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды. Олар - 1959 жылғы ерлі-зайыптылар.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және бақылау департаментінің мәліметінше, коронавирусқа шалдыққан екі Қазақстан азаматы 2020 жылдың 14-21 наурыз аралығында Мысырда Шарм-әл-Шейхте болған, 21 наурызында елімізге "Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Cұлтан" рейсімен елге оралып, ары қарай өз көліктерімен Семейге жеткен. 28 наурызда олардан талдау алынып, коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткіндіктен, екеуі арнайы ауруханаға жатқызылды. Тұрғылықты жері зарарсыздандырылды, ал отбасы мүшелерінің барлығы оқшауландырылды.

Бұған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы да түсінік берді:

Олармен бірге отбасы мүшелері, яғни тағы 5 адам шетелге барған. 2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген COVID-19 сынамасы төрт адамда теріс нәтиже көрсеткен. Бір сынама нәтижесі әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар, олармен байланыста болған тағы бір адам анықталды. Оның да анализі тексеруге алынған. Қазіргі таңда төртеуі провизорлық стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында, - дейді Ілияс Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, уақытша ауруханаға орналастырылған 4 науқастың жағдайы орташа деңгейде, біршама дене қызуы бар: 37,2.

"1959 жылғы ер адамда тексеруден кейін екіжақты пневмония диагнозы қойылды, ол уақытша ауруханаға жеткізілген. 1960 жылғы әйелге сол жақтан бронхопневмония диагнозы қойылды. Аталған азаматтарды үйден ауруханаға жеткізуді жүзеге асырған жедел медициналық жәрдем бригадасы арнайы жеке қорғаныс құралдарында толығымен жұмыс істеді. Қазіргі уақытта науқастар тұрақты бақылауда, арнайы емдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Алғашқы шағымдары дене қызуы мен сирек жөтелге болған. Жедел медициналық көмек бригадасы шұғыл әрекет етіп, алгоритмге сәйкес арнайы капсулаларда оларды стационарға жеткізді. Қазіргі уақытта бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», - деп толықтырды әкім.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!