ШҚО-дағы көктемгі топан суға мамандардың немқұрайлығы себеп болған

09:12, 19 шілде 2018
364

Шығыс Қазақстан облысындағы көктемгі тасқынға тек табиғи фактор ғана емес, жауапты мамандардың өз істеріне немқұрайлы қарауы да себепші болған, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, аймақта көктемгі тасқын салдарынан 1 мың 400 тұрғын үйді су басып, 3 мыңнан астам адамды баспаналарынан уақытша көшіруге тура келген. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, өзгесін былай қойғанда өңірде су тасқынына төтеп берудің қарапайым рет-тәртібі болмаған. Мәселен, судың бағытын бұратын арықтар қарастырылмаған. Табиғи апатқа төтеп беретін қажетті құралдар да техникалар да жеткіліксіз болып шықты. Бар болғаны 85 су соратын құрал болса оны әр аудан-ауылға шаққанда екі-үшеуден ғана жеткен. Өз міндеттеріне жауапсыз қараған Ертіс су бассейні инспекциясының ісі қазір сотта қаралып жатыр.

- Ертіс су бассейні инспекциясы Шүлбі су электр станциясынан секундына 1800 текше метр суды негізсіз ағызғаны анықталды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс те қозғалды. 13 шілдеде сотқа жолданды, - дейді облыстық прокурордың аға көмекшісі Махмұт Абзал.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!