ШҚО-да жемқорлық үшін Әлзахов, Баймадиев, Басболатов дегендер сотталды 

16:15, 27 қаңтар 2021

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен аяқталған қылмыстық іс бойынша "ҚР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" РММ басшысы Әлзахов ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 1,2 тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол "Восток Инжиниринг" ЖШС директорына қадағалаудағы кәсіпорындар мен технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөнінде шарттарды жасасуға жалпы қамқорлық және жәрдем көрсету үшін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен 7 млн теңге сомасындағы заңсыз қаржыны алған.

​Б. Әлзахов 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып жаза тағайындаумен сотталды.

​Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен, Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аяқталған қылмыстық іс бойынша құқық қорғау органдары лауазымды тұлғаларына 40 млн теңге сомасында пара беруге азғыру фактіс ібойынша, сондай-ақ алаяқтыққа оқталу фактісі бойынша азаматтар Баймадиев пен Басболатов сотталды.

Олар аталған соманы спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағаларының екі орынбасарына қатысты қылмыстық істі оң шешу үшін алмақшы болған.

Сот үкімімен Баймадиев 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаумен және Басболатов 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаумен, екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен сотталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!