ШҚО-да үш ауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында мектеп ашылды

14:55, 14 қаңтар 2017

Курчатов қаласында «Нұрлы жол» аясында білім ордасы ашылды.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, мекемеде білімді 600 оқушы мемлекеттік тілде алады.

Жаңа мектепте оқушыларға арналған үлкен әрі жарық кабинеттер салынған. Оның ішінде асхана, компьютерлік залдар, лингвистикалық кабинеттер бар. Мектеп ауласында дене шынықтыру-спорт аймағы мен ойын алаңы бар.

Нысан құрылысына Ұлттық қордан 867 млн теңге бөлінді. Мектеп заманауи стандартпен қамтылған.

Айта кетерлігі, биыл облыста 11 жаңа мектеп ашылды, оның ішінде Өскемен, Семей, Аягөз, Риддер және Үржар, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарында орналасады. 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!