ШҚО-да тұрғын үй құрылысы қарқын алды

08:00, 21 қыркүйек 2017

Шығыс Қазақстан облысында  жалпы аумағы 721 мың шаршы метр болатын 116 көп пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Барлығының да құрылысы биыл басталған. Басым бөлігі Өскемен мен Семей және Риддер қалаларында бой көтереді. Ал аймақта бүгінде үй салуға 28 мыңға жуық адам жер кезегіне тіркелген.  Сондықтан атқарушы билік жеке үй салғысы келетін азаматтарға инфроқұрылымы тартылған жер телімдерін беріп жатыр. Алыс аудандардағы баспана мәселесі «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешілмек. Мәселен, Зырян мен Қатонқарағай ауданында көпқабатты бірнеше  үйлер салынып жатыр. Бұл үйлер пайдаланылуға берілген соң аталған екі аудандағы  баспана тапшылығы толық шешілмек.  

Уәлбек Тойбосынов, мердігер мекеме өкілі: 

-Құрылыс басында 3 кран жұмыс істеп тұр. Бір тиегіш, бір миксер бар, техника жеткілікті. 20 күнде бір этаж көтеріп жатырмыз. Желтоқсанға дейін 5 қабатты көтереміз деген жоспарымыз бар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!