ШҚО-да тағы екі тас жол жабылды

10:48, 16 қаңтар 2019
525

ШҚО-да республикалық және облыстық маңызы бар екі жол жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

“ОблШығысЖол” КМК ақпараты бойынша, сағат 17.00-ден бастап облыстық маңызы бар “Средигорное-Новополяковка-Кіші Нарын” автожолының 14 шақырымындағы учаскесі көліктің барлық түрі үшін (жол қызметтерінің көліктерінен басқа) жабылды.

“Қазақавтодор” ЖШС ШҚФ ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар “Омск-Майқапшағай” тас жолының 910-1002 шақырымындағы учаскесі (Қалбатау-Көкпекті) автокөліктің барлық түрі үшін жабылады.

Жолдардың жабылуына бұрқасын мен түтек боран себеп болған.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңғы уақытта бұрқасын желдің салдарынан аймақтағы республикалық маңызы бар жолдардың бірі жабылған болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!