ШҚО-да «снегоход» аударылып, 8 жасар қыз көз жұмды

17:48, 26 ақпан 2020

Глубокое ауданында "снегоход" аударылып, 8 жастағы қыз бала қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, altaynews.kz хабарлады.

Оқиға туралы ақпарат аудандық полиция бөліміне 5 ақпан күні жеткен.

– Малоубинка ауылының 35 жастағы тұрғыны 8 жастағы қызымен бірге ауыл маңында "снегоходпен" апатқа ұшыраған. 2012 жылы туған қыз бала дене жарақатын алып, сол жерде көз жұмған, – делінген ПД ақпаратында.

Құзырлы органның мәліметінше, оқиғаның анық-қанығы әлі де тексеріліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!