ШҚО-да пара алды деген күдікпен 2 судья ұсталды

17:12, 1 қараша 2018

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен қаласының судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол сотталғанға жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішті мақұлдау үшін пара алды деп күдікке ілінді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу) талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», - деді брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Ол сонымен бірге, ШҚО-да тағы бір аудандық сот судьясы да пара алды деген күдікпен ұсталғанын айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандық соттың судьясына қатысты қылмыстық іс тіркеді. Тергеу заңсыз балық аулаумен айналысқан тұлғадан әкімшілік материал бойынша қайықты тәркілемеу үшін пара алды деп күдіктелуде», - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!