ШҚО-да мұғалім мектепте босанып, сәбиін дәретханаға тастаған

09:19, 25 сәуір 2018

Мұндай жағдай Үржар ауданындағы Некрасовка ауылында болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл ақпаратты ауылдағы мектептегілер растады. Мектептегі қызметкерлер ондай жағдай 7 сәуір күні болғанын айтты. Педагог-психолог мектеп қабырғасында босанып, нәрестесін далада орналасқан дәретханаға тастай салған.

«Сәби шетінеп кетті. Мұғалім тұрмысқа шықпаған», - дейді мектептегілер.

Үржар аудандық білім басқармасы төтенше жағдай туралы пікір білдірді.

«Бізге бұл туралы мектеп директоры хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай ақпарат білмейміз», - дейді басқармадағы маман.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!