ШҚО-да 1,2 млн теңге жеген Тілдерді дамыту орталығы есепшісі сотталды

17:09, 28 ақпан 2020

"Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тілдерді дамыту орталығы" КММ-нің бас есепшісі бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын "ШҚО Глубокое ауданының тілдерді дамыту орталығы" КММ бас бухгалтері Қожабаеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Ол 1,2 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз өзінің карточкалық шотына аудару жолымен жымқырды деп күдікке ілінді.

Глубокое ауданының № 2 сотының үкімімен Кожабаева 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!