ШҚО-да марал мүйізін ұрлаған күдікті Алматыда ұсталды

12:50, 5 наурыз 2021
621

© Сурет: ШҚО ПД

Өткен жылдың соңында Зайсан ауданында ұрланған 230-дан астам килограмм маралдың мүйізін Алматы қаласында өткізу кезінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұрлық өткен жылдың желтоқсан айының ортасында орын алған. Зайсан ауданы полиция бөлімінің "102" жедел арнасына Зайсан қаласында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 62 жастағы күзетшісінен қызыл кітапқа тіркелген жануардың мүйіздерін ұрлау фактісі бойынша ақпарат түскен.

- Тексеру барысында түнде белгісіз біреу жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағына кіріп, контейнердің аспалы құлыбын бұзып, қораптарды ұрлап кеткені анықталды. Оның ішінде жалпы салмағы 236 килограмнан асатын маралдың мүйіздері болған,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ағымдағы жылдың ақпан айында күдікті Алматы қаласында ұсталды. Ол 23 жастағы Зайсан ауданының тұрғыны болып шықты.

Ұстау барысында ер адам ұрланған заттардан құтылмақ болып оларды көлігінен жолдың бойына лақтырып кеткен.

Қазіргі уақытта айғақ заттар тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!